[Химия ғажабы] Таза ауа
«Пән ғажабы неде» жобаның барлық мақалалары
«Химия ғажабы» циклдың басқа мақалалары
Материяның құрылыс материалдары: қарапайым бөлшектерден супрамолекулаларға дейін
Физхимияны не үшін оқу керек?
Бейорганикалық химия
Органикалық химия
Полимерлер
Өмір синтезі
Химия және медицина: химиялық қару, аспирин және зең
Кіріспе
Адамзат өзінің тіршілігінің барысында аштық, соғыс, пандемия сияқты көптеген жаһандық дағдарыстарға тап болды. Бірақ соңғы бірнеше жүзжылдықта осындай «қысқа мерзімді» мәселелерге әлемдік жылыну cекілді экожүйеге, ауаның сапасына және әлемдегі барлық тірі организмдердің тіршілік етуіне едәуір әсер еткен тағы бір мәселе қосылды. Ал осының барлығына кінәлі адам тіршілігінің белсенділігінен туған атмосфералық ластанудың жылдам өсуі. Мысалы, \(1950\) жылы көмірқышқыл газының шығарындыларының жалпы мөлшері \(5\) миллиард тоннадан сәл асып кеткен. Бұл қазіргі күндегі жалғыз Қытайдан ғана шығатын жылдық көмірқышқыл газдан \(2\) есе аз және соңғы бірнеше жыл ішінде бүкіл әлемдегі дәл осы көрсеткіш жылына \(36\) миллиард тонна көмірқышқыл газынан асып кеткен. [1]
Қазіргі уақытта заманауи қоғам \(20\)-шы ғасырдың бақылаусыз индустриалды дамуын байқай бастады және экологиялық қозғалыстарға біріккен, табиғат айқайына немқұрайлықпен қарамайтын адамдар біздің планетамыздың болашағы үшін күрес жүргізуде. Уақыт өткен сайын біздің өмірімізге жасыл технологиялар еніп келеді, ал әртүрлі экоөнімдер жылдам танымалдыққа ие болуда.
Әлемнің көптеген елдері осы технологиялық шабуылға төтеп беру үшін бірігуде. \(2015\) жылы Париждегі климаттың өзгеруіне арналған конференцияда қатысушы елдер \(2050\) жылға қарай парниктік газдар көлемін \(50%\)-ға қысқартуды жоспарлайтын келісімге қол қойды. Қазіргі күндегі әлемдік қоғамдастықтың ең негізгі экологиялық міндеті: ғаламшарымыздың атмосфералық температурасының жалпы өсімін \(20\) ғасырдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда \(1.5-2\) градус Цельсий аралығында ұстап тұру. Көрсетілген мерзімде осындай нәтижелерге қол жеткізу мүмкін бе, әлде мүмкін емес пе екендігі әлі де белгісіз. Бірақ бір анығы: жедел түрде тиімді шаралар қабылдануы тиіс. Қоршаған орта мәселелерін шешуде технологиялар қалай көмектесе алады? Қазіргі инженер-химиктердің экологиялық мәселелерді шешуде неліктен басты рөл ойнайтындықтарын бірге анықтайық.
Мәселенің басты себепшісі
Ауаның ластануы жалпы мұнай өндіру және қазба отындарды пайдалану, сонымен қатар әртүрлі химиялық кәсіпорындардың парниктік газдарды тастауынан туындап отыр. Парниктік газдардың негізгі компоненті — көмірқышқыл газы (\(CO_2\)) — екі оттек атомынан, бір көміртек атомынан тұратын және сызықтық формула түрінде кездесетін газтәрізді молекула. Көмірқышқыл газы өзінің табиғаты бойынша белсенді емес және улы емес, бірақ өзініңң атмосферада кең көлемде таралуына байланысты біздің ғаламшарымызға теріс әсер етуде. Себебі, көмірқышқыл газы күннің инфрақызыл сәулелерін сіңіргендіктен, күннің жылуына тосқау бола отырып, оларды атмосфераның барлық қабаттарына шашыратады. Осыған байланысты «Жаһандық жылыну» деген құбылыстың интуитивті атауы пайда болған.
Қоршаған ортаның химиялық инженериясы химия мен физикадағы қолданбалы ұғымдарды нақты жүйелерде қолдану арқылы көптеген экологиялық мәселелердің шешімін табу үшін технологиялық қолайлы стратегиялар ойлап табуға арналған.
Атмосфералық ластануға келетін болсақ, \(1998\) жылғы тараптар конференциядағы Киото хаттамасына сәйкес көмірқышқыл газы парниктік газдар шығарындыларын есептеуінің эталонды стандарты болып табылғандықтан, қолданбалы химиядағы зерттеулерде көмірқышқыл газын жоюға басты назар салып отыр. [2]
Direct Air Capture
Атмосферадағы көмірқышқыл газының көлемін төмендетудің бірнеше тәсілдері бар. Солардың бірі — өндірістік шығарындыларды тазарту көмегімен жаңа ластанулар көлемін төмендету немесе атмосфералық ауаны оның құрамындағы парниктік газдардан тікелей тазалау. Шығарынды көзін тежеу (Onsite Air Capture) болдырмау шараларының бірі болғандықтан, тура тежеу (Direct Air Capture, DAC) атмосфераның ластануын қайтадан көмірқышқыл газына айналдырып жібереді. Осылайша осы екі тәсілдің айырмашылығы тазарту жүйесімен алынған көмірқышқыл газының концентрациясындa жатыр.
Көмірқышқыл газын тежеуге арналған жабдықтар қазірде бар шығарындылар көзімен интеграциялануы мүмкін және көмірқышқыл газының концентрациясы бөлудің жоғары көрсеткішіне кепілдік береді , ал үлесі аз \(CO_2\)-ні атмосферадағы ауадан шектеу үшін ауаның үлкен көлемін айдауға энергоресурстардың едәуір үлкен көлемі жұмсалатын болады. Осы жерден мынаны аңғаруға болады: атмосферадағы ластануды DAC әдісімен тиімді кетіру жаңартылған энергияны көбірек қолданылуын талап етеді, әйтпесе, бұл процесс парниктік газдарды жинағаннан гөрі, оны көбірек бөліп шығаратын болады. Көміртекті сезу тәсілдері көмірқышқыл газының химиялық немесе физикалық қасиеттеріне негізделген бөлінулерін қамтиды. Металлоорганикалық қаңқалы құрылымдар сияқты адсорбциялық материалдарға негізделген қазіргі заманғы жартылай өткізгіш мембраналар түтін газының компоненттерін жеке концентрацияланған ағындарға іріктеп бөлуге қабілетті. Сонымен қатар, көмірқышқыл газын (қышқыл оксиді) сілтілі және амин бар сулы ерітінділермен сіңіру кеңінен қолданылады.
Carbon Engineering компаниясының DAC қондырғысында болатын химиялық түрлендірулердің жалпы тізбегін қарастырайық. [3]
Ең бірінші кезекте, көмірқышқыл газы калий гидрооксидінің сілтілі ерітіндісіне сіңеді.
2KOH(ер) + CO2(г) → K2CO3(ер) + H2O(с)
Пайда болған калий карбонаты қатты кальций карбонаты түрінде тұнбаға айналады, соның өзінде сілтілі ерітінді бір уақытта жаңа циклге қайтады.
K2CO3(ер) + Ca(OH)2(қ) → 2KOH(ер) + CaCO3(қ)
Әрі қарай кальцинаторда қыздырылып қатты түйіршіктер ыдырайды.
CaCO3(қ) → CaO(қ)+ CO2(г)
Таза көмірқышқыл газын газ тәрізді басқа да компоненттерден бөліп алып, ғалымдар оны мынадай келесі кезеңдерге бағыттайды: көму немесе пайдаға жарату.
Carbon Capture and Storage
Көмірқышқыл газын жоюдың экономикалық және экологиялық тиімді стратегияларының бірі — оны геологиялық түрде көму (ағыл. carbon capture and storage/sequestering — CCS). Жинақталған \(CO_2\) қуысты геологиялық түзілімдерге жіберуге болады, ал олардың үстінде жатқан тығыз тұз қабаты газдың атмосфераға қайта енуіне жол бермейді. Шын мәнісінде, жер астында жатқан пайдалы қазбалардың құрамында болған көміртек «үйіне» оралады, бірақ тек қалдық түрінде. Осыған ұқсас альтернатив ретінде \(CO_2\)-ні мұнай өндіруді жетілдіруде қолдануға болады, себебі, жер астына кеткен \(CO_2\) жер асты мұнай қоймаларындағы қысымды арттыра алады, сол арқылы пайдалы шикізатты сыртқа шығарып, олардың орнын өзі иемденеді.
Қазіргі күнде CSS технологияларын коммерциялауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген үлкенмасштабты \(5\) геологиялық қойма бар: олардың екеуі Норвегияда (Sleipner Snohvit), екі CSSEOR жобалары Канадада(Weyburn) және АҚШ-та (Rangely), сонымен қатар қайта өңдеу мен газды сақтауға арналған бір жоба Алжирде (In Salah) орналасқан. In Salah — та ұңғыманың ақаулығына байланысты \(CO_2\)-нің ағып кетуі орын алған бір жағдайға қарамастан, барлық қондырғылар инженерлік таңғажайып СSS технологиясының сенімділігі мен қауіпсіздігін растаған. [4]
Көмірқышқыл газы сұйық оксид болғандықтан және суда ери алатындықтан, жиналған \(CO_2\)-ні суда сақтауға болады. Бірақ бұл жайдан жай орындала қалмайды. Бүкіл әлемде \(CO_2\)-ні мұхит түбіне тікелей сақтау қабылданбайды, өйткені, бұл әлемдік мұхиттың қышқылдануына және теңіз экожүйесіне кері әсер етуі мүмкін. Сулы көмірқышқыл газы, гидрокарбонат және карбонат иондары арасындағы химиялық тепе-теңдік өте нәзік келеді және кез келген өзгерістер теңіз өмірінің қалыпты тіршілігіне бірден әсер етеді.
Көмірқышқыл газын жинақтау мен оны көмудің заманауи тәсілдері парниктік газдар қалдықтарының ғаламдық жылынуына тікелей қатысын азайтады, ал бұл атмосфералық шығарындыларға толықтай кері әсер етеді.
Carbon Capture and Utilization
1) Тұйық цикл
Ұсталған \(CO_2\)-мен күресудің тағы бір әдісі — ұстау және көміртекті пайдаға жарату деген атпен белгілі утилизация (ағыл. carbon capture and utilization — CCU). Қайта өңдеу — органикалық қосылыстардың келесі биосинтезін жалғастыру үшін көміртекті пайдалы химиялық заттарға айналдыру, минералдандыру және микробалдырларды өсіру арқылы \(CO_2\) шығарындыларын азайтудағы тиімді тәсілдердің бірі.
Бізге таныс CSS әдісі теріс нәтижелер көрсететін болса, ал CCU тәсілі нөлдік көрсеткіш береді. Басқаша айтқанда, көміртек тұтудың, өңдеудің және жанудың тұйық циклында болады.
\(CO_2\)-нің қалай өңделетінін түсіну үшін бізге мектептік бағдарламадағы химия негіздері көмектесе алады, өйткені, көмірқышқыл газы ең жоғары тотығу деңгейіндегі көміртектің формасын көрсетеді. Сондықтан \(CO_2\)-ні көміртек тотығудың төмен деңгейімен кездесетін пайдалы затқа айналдыру үшін оны тотықсыздандыру керек, ал оны сутегімен іске асыруға болады. Катализаторлар мен қажетті температуралардың әсерінен сутегі мен көмірқышқыл газының қоспасы синтез-газға айналады, яғни, көміртек тотығы мен су буының қоспасына айналады.
CO2 + H2 → CO + H2O
Каталитикалық химия ғылымына тереңірек үңіле отырып, ғалымдар мен инженерлер сутегі, көмірқышқыл газы мен көміртегі тотығы қоспасын жасанды көлік отынына айналдыру үшін әртүрлі бейорганикалық және металлоорганикалық емес өтпелі металл катализаторларын қолдана бастады және олар шығаратын жылу мөлшері дизель отыны мен керосиннен еш кем түспейді.
Төменде дизель қоспасының көп үлесін құрайтын \(C_8H_{18}\) октан молекуласының каталитикалық синтезінің схемасы берілген:
Жиырмасыншы ғасырдың басынан бастап бұл процесс адамзатқа Фишер-Тропша бойынша көмірсутектердің синтезі ретінде белгілі болған. Алайда осы схема бойынша алынған жасанды отынның құны жоғары болғандықтан, қазіргі арзан пайдалы қазбалармен бәсекеге түсе алмайды. Бірақ бәрі жоғалған жоқ! Болашақта осы процесс кең қолданылады деген үміт бар. Жаңартылатын энергия көздерімен, ауадан көміртекті тікелей алу технологиясымен және суды электролиздеу арқылы сутекті тиімді алу технологиясымен үйлескенде, Фишер-Тропш арқылы көмірсутектерді синтездеу көміртектің жасанды айналымы процесін қамтамасыз етудің толық мүмкіндігіне ие.
Негізінде көміртекті түрлендірудің көптеген баламалары бар: пайдалы полимерлерге айналдыру (поликарбонаттар мен поликарбаматтар), жеңіл тұтанатын заттар (метан, метил спирті, этил спирті), және формальдегид, мочевина, құмырсқа қышқылы, карбон қышқылдары және т. б. сияқты басқа да маңызды химиялық қоспалар. Сондай-ақ, химиялық инженерия саласындағы заманауи зерттеулер ауқымды өндірістер үшін едәуір тиімді реактивті жүйелерді іздеуге бағытталған.
2) Минерализация
Көмірқышқыл газын қайта өңдеудегі екінші тиімді әдістің бірі —силикатты тау жыныстарын мынадай құрылыс материалдарына айналдыру: мрамор, әктас, гипс, сонымен қатар, шыны жасауға арналған кремний диоксиді. Осы мақсаттар үшін табиғатта көп кездесетін оливин, волластонит және серпентиннің ұсақталған минералдарының сулы суспензиялары кеңінен қолданылады.
Оливин:
Волластонит:
Серпентин:
Минералды карбонатизацияның химиялық процессінің өзі магний мен кальций қазба силикаттарының көмірқышқыл газымен әсерлесу қабілетіне негізделген және осының нәтижесінде, минералдық құрамнан кремний диоксиді (SiO2) ығыстырылады. Мұның бәрі Менделеевтің периодтық кестесінің \(4\)-тобында көрші тұрған кремний мен көміртектің электронды құрылымы мен химиялық қасиеттерінің едәуір ұқсас болып келуінің әсерінен мүмкін бола алады.
Ортақ химиялық реакция:
Волластониттің мысалында реакциясы келесідей болады:
CaSiO3(қ) + Co2(г) → CaCo3(қ) + SiO2(қ)
Айта кететің жәйт, дәл осы реакцияның экзотермиялық табиғатына қарамастан (энергия шығынын қажет етпейтін, керісінше, оны бөлетін процесс), силикат шикізатын алу мен ұнтақтауға қажет энергия жаңартылған энергия көздерінен айтарлықтай қайта зарядтауды талап етеді. Әйтпесе, қатты құрылыс материалына айналғаннан гөрі \(CO_2\) көп бөлініп кетеді.
Алынған карбонатты материал құрылыста,
теңіз эрозиясынан «тетраподтардан» жасалған жағалаулы қорғауды құру үшін
немесе маржан рифтерін және оның тұрғындарын қорғау мақсатында жасанды суасты рифтері ретінде қолданылады.
Көмірқышқыл газын пайдаланудың ұқсас схемасы Тайваньның ұлттық энергетикалық бағдарламасының екінші кезеңі аясында қолданысқа енгізілген. China Steel Corporation деп аталатын болат зауытынан пайдаланылған қож кәсіпорынның пайдаланылған газынан \(CO_2\)-ні жинау және бекіту үшін қолданылады. Содан кейін карбонизацияланған шлак балдырлар мен балықтарға жасанды рифтерді жасауға көшеді.
Бір қызығы — осындай карбонатты рифтерден мұхиттың қышқылдығы жоғарыламайды (егер көмірқышқыл газын теңіз суында еріткен болса, бұл қалай болғаны), керісінше, төмендейді. Себебі, карбонат ионы көмірқышқыл газының қышқыл-негіз тепе-теңдігіндегі негізгі жағдайы болып табылады. [6]
Құрамында азоты бар микроэлементтерден тұратын ағын сулар олардың өздерін тазартуға ықпалын тигізетін микробалдырлардың өсуін қамтамасыз ететін қоректік заттардың көзі бола алады.
3) Микробалдырлар
Сонымен қатар, балдырларды өсіру үшін шикізат ретінде \(CO_2\)-нің концентрацияланған ағынын қолдану әртүрлі биоотындар мен органикалық материалдардың биосинтезін іске асыруға мүмкіндік береді. \(CO_2\)-нің тұрақты айналымының әсерінен CCU-дің бұл әдісі таза нөлдік нәтижеге теңестіріледі.
Технологиялық бағалауларға сәйкес, 100 тонна балдыр биомассасы үшін \(1.8\) тонна көмірқышқыл газын бекітіп, оны пайдалы химиялық заттарға айналдыруға болады.[7]
Фотосинтез және микробалдырлардағы метаболикалық реакцияларының арқасында құрылымдық биомолекулалар (аминқышқылдары және көмірсулар), жанғыш заттар (метанол, этанол) немесе өсімдік майларын алуға болады. Соңғы аталғандары май қышқылының ұзын қалдығы өзімен байланысқан глицерин молекуласын метил немесе этил спиртімен алмастыратын химиялық реакция — трансэтерификация — арқылы биодизель отынына ауысады. Нәтижесінде пайда болған биодизель пайдалы қазба энергия көздерімен қатар қоюға болатын жылу шығаруға қабілетті.
Биомолекулалық технологиялардың артықшылықтары ретінде олардың дербестігі және өндірілген биологиялық шикізаттың алуантүрлілігі болып табылады. Адамдарға тек осы биозауыттарға қамқорлық жасау ғана қалады, яғни, көмірқышқыл газымен қоректендіруі, жеткілікті күн сәулесін беруі және құрамында азот пен фосфоры бар қоректік заттармен байытуы тиіс.
Егер кеңістіктегі бір текше метрлік мөлшердегі фотобиореактор тәулігіне \(36\)-дан \(600\)граммға дейін көмірқышқыл газын биомассаға айналдыруға қабілетті болса, ал жылына \(36\) миллиард тонна \(CO_2\)-ні утилизациялатын болса, онда көміртекті жинау және қайта өңдеу арқылы осы технологияларды коммерциализациялау үшін ауқымды биотехнологияларды орналастыру қажет екендігін елестету қиын емес. Дәстүрлі дақылдармен салыстырғанда, микробалдырларды оқшауланған ашық аспан астындағы тоғандарда немесе фотобиореакторларда, ағын сулармен қатар теңіз суларында да, сондай-ақ ауыл шаруашылығына жараммсыз топырақта да өсіруге болады. Сол себепті, микробалдырларды өсіру ауыл шаруашылығымен бәсекелессіз жүзеге асуы мүмкін.
Жоғарыда айтылған технологияның артықшылықтарына қарамастан, микробалдырлардың көмірқышқыл газымен күресуінде олардың жүзеге асырылуын тежейтін бірқатар шектеуші факторлар бар. Осы күнге дейін микробалдырлардан биоотын өндіру жердегі дақылдардан өсімдік майын өндіруден біршама төмен. Оның басты себебі: микробалдырларды алдын — ала тазартуға (жинау және кептіру), балдырлар жасушасынан майларды алуға және биоматериалдарды ары қарай трансформациялауға, ауылшаруашылық өнімдерін дайындауға қарағанда \(3\)-\(4\) есе көп энергия кетеді. \(3.5\) баррель мұнайдың энергиясымен тең биоотын алу үшін фотобиореактордың түріне байланысты \(1.5\)-тен \(10\) баррельге дейінгі мұнайдың жанғанына тең энергияны инвестициялау қажет.[4]
Тағы да бір кемшілігі ретінде микробалдырлардың су объектілерінің экожүйесіне зияны тиетін әсері болып саналады, яғни, табиғи теңіз тұрғындарын ығыстыра алатын, неғұрлым бейімделген микробалдырлар барлық жарықты өзіне алуы немесе өмірге қажетті барлық қоректік заттарды алуы арқылы қоректік тізбек балансын бұзуы мүмкін.
Қорытынды
Ауаның ластануы жер бетіндегі барлық тірі организмнің тіршілік етуінің күрделі мәселесіне айналды, ал біз тым көп сенім артып отырған көмірсутек ресурстарының шамадан тыс жануы жағдайды одан сайын ушықтыруда. Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы (Intergovernmental Panel on Climate Change, IPCC) сияқты көптеген халықаралық ұйымдар ауа температурасының көтерілуін \(1.5-2\) градус Цельсийға дейін төмендетуге тырысады. Осыған қарамастан, жылу жиналу тенденциясы бұрыннан бар парниктік газдар әсерінен жыл сайын артып келеді. Аризона Штатының университетіндегі атмосфераға кері әсер ететін көміртегі шығарындылары орталығының эколог-маманы Клаус Лакнердің айтуынша, адамзат өз уәдесінде тұрмады және теріс шығарындыларды құрудағы инновациялық жаңашылдықтар ғана бізге экологиялық апатты уақытында жеңуге көмектесе алады. Оның бағалауы бойынша, егер өндіріс орындары атмосфералық қалдықтарды жою бойынша тиімді шараларды \(80\)-жылдардан бастап жүзеге асыра бастағанда, шығарындылар орынындағы қайта өңделген газдар жиыны \(1.5\) градус Цельсий шегінде сақтап тұрар еді. Бірақ қазіргі жағдай тек бір ғана қисынды қорытындыға алып келеді: бізге Direct Air Capture, CCS, CCU технологияларын жан-жақты дамытып, өзіміз тыныс алатын ауаны тікелей тазарту қажет.[8]
Бірақ энергияға қатысты мәселемен не істесек болады? Атмосфераның ластануымен күресуге арналған энергияны көп қажет ететін ауқымды коммерциализацияны бастау үшін жаңартылған энергия көздерін дамытудың жедел қарқыны керек немесе қауіпсіз ядролық энергияны қолдану қажет. Әйтпесе, тазарту қондырғыларын қазба отындарынан алынған энергиямен зарядтау көмірқышқыл газының шығарылуының одан сайын көбеюіне әкеледі.
Қаншама халықаралық конвенциялар мен келісімдердің болғанына қарамастан, біздің ғаламшарымыздың тағдыры заманауи зерттеулер мен экологиялық тұрақты модельдердің жүзеге асырылуымен тікелей байланысты. Кім білсін, мүмкін сіз де, біздің қымбатты оқырманымыз, ғаламшарымызды сақтай алатын болашақ зерттеуші немесе инженер боларсыз. Ең бастысы, қандай да бір нәтижеге жеткізген іс өзі-өзін ақтайтындығын естен шығармаңыздар.
References
- Friedlingstein, P., Jones, M. W., O'Sullivan, M., Andrew, R. M., Hauck, J., Peters, G. P., Peters, W., Pongratz, J., Sitch, S., Le Quéré, C., Bakker, D. C. E., Canadell, J. G., Ciais, P., Jackson, R. B., Anthoni, P., Barbero, L., Bastos, A., Bastrikov, V., Becker, M., Bopp, L., Buitenhuis, E., Chandra, N., Chevallier, F., Chini, L. P., Currie, K. I., Feely, R. A., Gehlen, M., Gilfillan, D., Gkritzalis, T., Goll, D. S., Gruber, N., Gutekunst, S., Harris, I., Haverd, V., Houghton, R. A., Hurtt, G., Ilyina, T., Jain, A. K., Joetzjer, E., Kaplan, J. O., Kato, E., Klein Goldewijk, K., Korsbakken, J. I., Landschützer, P., Lauvset, S. K., Lefèvre, N., Lenton, A., Lienert, S., Lombardozzi, D., Marland, G., McGuire, P. C., Melton, J. R., Metzl, N., Munro, D. R., Nabel, J. E. M. S., Nakaoka, S.-I., Neill, C., Omar, A. M., Ono, T., Peregon, A., Pierrot, D., Poulter, B., Rehder, G., Resplandy, L., Robertson, E., Rödenbeck, C., Séférian, R., Schwinger, J., Smith, N., Tans, P. P., Tian, H., Tilbrook, B., Tubiello, F. N., van der Werf, G. R., Wiltshire, A. J., and Zaehle, S.: Global Carbon Budget 2019, Earth Syst. Sci. Data, 11, 1783–1838, https://doi.org/10.5194/essd-11-1783-2019, 2019.
- Report of the Conference of the Parties on its third session, held at Kyoto from 1 to 11 December 1997 Addendum Part Two: Action taken by the Conference of the Parties at its third session. p31 “Methodological issues related to the Kyoto Protocol”. Conference of the Parties (25 March 1998).
- “A process for capturing CO2 from the atmosphere” David W. Keith, Geoffrey Holmes, David St. Angelo, Kenton Heidel (2018). https://doi.org/10.1016/j.joule.2018.05.006
- “Carbon Capture and Utilisation in the green economy” Peter Styring, Daan Jansen, Heleen de Coninck, Hans Reith, Katy Armstrong. ISBN: 978-0-9572588-1-5 Publisher: The Centre for Low Carbon Futures 2011 and CO2Chem Publishing 2012.
- “A life cycle assessment of greenhouse gas emissions from direct air capture and Fischer–Tropsch fuel production” by Caroline M. Liu, Navjot K. Sandhu, Sean T. McCoy and Joule A. Bergerson. Received 25th February 2020, Accepted 13th April 2020. DOI: 10.1039/c9se00479c
- N. T. Prasad et al., "Carbon-dioxide fixation by artificial reef development in marine environment using carbonated slag material from steel plant," OCEANS 2014 - TAIPEI, Taipei, 2014, pp. 1-5, doi: 10.1109/OCEANS-TAIPEI.2014.6964442.
- Acien Fernandez FG, Gonzalez-Lopez CV, Fernandez Sevilla JM, Molina Grima E (2012) Conversion of CO2 into biomass by microalgae^ how realistic a contribution may it be to significant Co2 removal? Applied Microbiology Biotechnology 96:577-586]
- Schiffman, Richard. “Why CO2 ‘Air Capture’ Could Be Key to Slowing Global Warming”. Yale E360.
«Beyond Curriculum» қоры «Пән ғажабы неде» циклы материалдарын «Караван знаний» жобасымен серіктестікте және «Шеврон» компаниясының қолдауымен жариялауда. «Караван знаний» – жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен орындалған алдыңғы қатарлы білім тәжірибелерін зерттеу мен талқылау бойынша бастама.
Аударған: Аяна Мұқиятқызы
Редактор: Дильназ Жемісбек