[Биология ғажабы] Есірткі адам өмірінде

[Биология ғажабы] Есірткі адам өмірінде

«Пән ғажабы неде» жобаның барлық мақалалары
«Биология ғажабы» циклдың басқа мақалалары
Биологиялық сағаттар және олардың сағатшылары
Менмендіктің биологиясы
Микориза құпиялары
Глюкозаның зат алмасу жолы
«Ішек-ми» осі


Бұл мақала есірткі өнімдерін қолдануға шақырмайды. BeyondCurriculum командасы есірткі қабылдау адам ағзасына қауіпті екенін ескертеді. Есірткі және психотроптық заттарды немесе сол тектес өнімдерді заңсыз өндіру, өткізу және тасымалдау жағдайлары қылмыстық жауаптылықпен қарастырылатынын есте сақтаңыз.


Есірткінің қалай ағза үшін тәуелділік тудыратыны туралы ойланып көрдіңіз бе? Неліктен адамдар үшін зиянды әдеттен құтылу оңайға соқпайды? Нашақорлықтың қандай қысқа және ұзақ мерзімді салдарын болуы мүмкін? «Биология ғажабы» циклінің кезекті мақаласында ғылым үшін жан түршіктіретін, қызықты, сонымен қатар қатігез болып саналатын есірткі туралы сөз қозғамақпыз.

Грек тілінен бастау алған «наркотик» сөзі «естен айырылу» дегенді білдіреді екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі заманғы анықтамасына сәйкес, есірткі дегеніміз — мелшиіп қалу, кома немесе ауырсынуға сезімталдықты тудыратын химиялық заттар. Екінші анықтама бойынша, есірткі деп аталатын химиялық заттар сезімтал қабылдауды, көңіл-күйді және сананы өзгерту арқылы орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) жұмысына әсер етуі керек.

Көптеген адамдар «есірткі» деген сөзді естігенде, оны заңға қайшы, қылмыс, денсаулыққа зиян немесе қорқынышты ұстамалармен байланыстырады. Шын мәнінде, халық қалт айтпайды, бірақ кей жерде тереңірек үнілген жөн. Біршама мемлекеттің заңнамасында, қоршаған орта мен тұрғындар үшін кері ықпалының кесірінен, психобелсенді заттардың кейбір түрлерін қолдану және таратуға тыйым салынған. Алайда көптеген тұрмыстық заттар өз табиғаты бойынша есірткі болып табылады: кофе мен алкогольден бастап, әртүрлі антидепресенттарға, ауырсынуды басатын дәрілер мен ұйқысыздыққа қарсы таблеткаларға дейін жетеді. Күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған нәрселердің есірткі қатарына жататынын байқай бермейміз. Сонда ресми түрде есірткілердің барлығы олар туралы айтылғандай қорқынышты емес болғаны. Солай емес пе? Морфей патшалығына аттанатын ғылыми экспедиция немесе бас айналдыратын заттардың қандай болатындығы осы сауалға жауап береді. Қане, кірісейік!

Photo by Mike Kenneally / Unsplash

Есірткі заттарының молекулалық әсерінің спектрлері әртүрлі, сондықтан олардың физиологиялық әсері туралы сөз қозғаудың керегі жоқ. Барлығына ортақ жалғыз әрекет принципі — бұл организмде шығарылатын молекулаларға еліктеу. Көбінесе есірткі заттар нейротрансмиттерлерге — жүйке импульстарын қоздыратын немесе басатын молекулаларға — еліктейді, олардың әрекеті адамның мінез-құлқы мен сезімдеріне әсер етеді.

Кофеин

Осылайша кофеиннің психостимуляциялық әсері оның ми қыртысы мен орталық жүйке жүйесінің субкортикалық түзілімдеріндегі орталық аденозин рецепторларының (A\(1\) және A\(2\)) белсенділігін басу қабілетіне негізделген. Қазіргі уақытта ОЖЖ-де аденозин нейрондардың цитоплазмалық мембраналарында орналасқан аденозин рецепторларына депрессиялық әрекет ететін нейромедиатордың рөлін ойнайды. Аденозинмен А\(1\) аденозин рецепторларын қоздыру ми жасушаларында көптеген сигналдық жасуша жолдарының екінші реттік хабаршысы болып табылатын цАМФ түзілуінің төмендеуіне әкеледі, нәтижесінде нейрондағы жүке импульстарының тасымалдануының тежелуін тудырады. Аденозин іспеттес репрессорлы молекулалар әрекет етуші жасуша үшін антагонисттер немесе кері агонисттер деп аталады. Аденозинге ұқсас кеңістіктік конфигурациясы бар кофеин аденозинді өз рецепторларында алмастырады, бірақ аденозинге тән физиологиялық әрекеттерді тудырмайды.

Кофеиннің құрылымы аденозинге ұқсас келеді

Есікті өз кілтіңізбен ашуға тырысқан кезде кілт саңылауының артқы жағында басқа, пішіні мен өлшемі өте ұқсас кілт тұрғандығын елестетіп көріңізші. Шамамен дәл осылай кофеин аденозинге өзінің рецепторларын иеленуге кедергі келтіреді. Кофеин молекуласы бар А\(1\) рецепторларының блокадасы аденозиннің ингибиторлық әрекетін тоқтатуды бастайды, бұл клиникалық тұрғыдан психикалық және физикалық көрсеткіштердің жоғарылауымен байқалады. Алайда кофеин ми А\(1\) рецепторларының әрекетін тежей алатын селективті қабілетке ие емес, сонда ол оған қоса А\(2\) рецепторларын бұғаттайды. ОЖЖ-де А\(2\)-аденозинді рецепторлардың активтенуі D\(2\)-дофаминді рецепторлардың функционалдық белсенділігінің басылуымен қатар жүретіні дәлелденді. Біздің жағдайда кофеинмен А\(2\)-рецепторлардың блокадасы D\(2\)-рецепторлардың функционалдық белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етеді, бұл қуаттандыратын әсерден басқа, шығарылған дофаминнің есебінен қосымша эйфориялық әсер тудырады.

Кофеин аденозинді рецептордың белсенді жағында алмастырады.

Глицин

Қиын оқу кезеңдеріндегі барлық студенттердің келесі бір көмекшісі — әйгілі глицин. Қарапайым амин қышқылы болып табылатын глицин медицинада жоғары психикалық функцияларға әсер ететін ноотропты дәрі ретінде жіктеледі. Глицин амин қышқылы, шын мәнінде, орталық жүйке жүйесіндегі ингибиторлық медиатор болып табылады: негізінен жұлын, ми жүйесі, сондай-ақ көз торында.

Глициннің молекуласы. Дереккөзі:Wikimedia Commons

Глицин рецепторлары белсендірілген кезде хлор аниондары (Cl-) нейрон мембранасын иондық каналдар арқылы басып өтеді (бұл жағдайда рецептор мен канал — бір ақуыз), сәйкесінше бұл құбылыс теріс зарядтардың артық мөлшері мембрана астына жиналып, оң зарядтар жасушаның сыртына қосылатын постсинаптикалық потенциалды немесе гиперполяризацияны тежейтін жағдаймен жалғасады. Пайда болған мембрана поляризациясы мен потенциалдар айырымы үлкендігі соншалықты, тіпті, жасуша басқа заттардың белсенді сигналдарына жауап бермейді. Жүйке жүйесінің алмасуының тежелуі адам ойы мен әрекеттерінің демалуын ғана байқатпай, жалпы ағзаға босаңсыту әсерін береді. Глицинді қабылдау мазасыздықты жеңілдетуге және оның алдын алуға, тұрақты эмоционалды гармонияны сақтауға оң әсер ететіндігі тәжірибе жүзінде дәлелденген. Бірақ та кішкентай ұсақ глицин мөлшерінен нәтиже жоқ екенін ұмытпаңыз! Егер сіз ерітіндіні цереброспинальді сұйықтыққа тікелей әрекеттестіруден тартынсаңыз, күшті әсерді де күтпеңіз, себебі, қан-ми тосқауылының бітелуіне байланысты (мидың шекарасындағы кеден) ауызша қабылдаған кезде глицинге мұқтаж коллаген ақуызының глициннің бір бөлігін қаннан ұрлап кету тәуекелі өте жоғары.

Ескерту: Қан-ми тосқауылы (гематоэнцефальді барьер) — қан айналымы мен орталық жүйке жүйесі арасындағы физиологиялық тежеу. ГЭБ жоғары селективті сүзгі қызметін атқарады, ол арқылы артериялық арнадан миға қоректік және биоактивті заттар (гормондар) түседі және ол бөгде бөлшектердің өтуін тоқтатады

Морфин

Еске түсіріңіз, тарих сабағында біз ең танымал есірткі түрі болып табылатын апиын туралы бірнеше рет естідік. XX ғасырдың басында осы апиыннан синтезделген зат — морфин үлкен даңққа ие болды, ол осы көкнәр датурасының негізгі әсерлеріне жауап беретін. Кофеиннен бір ерекшелігі: морфин күндізгі өмірде есірткі тектеске едәуір ұқсас еді. Медициналық мақсатта созылмалы аурулар мен хирургиялық оталар кезінде анальгетик ретінде белсенді қолданылса да, қатты тәуелділік тудыратын морфинді сақтау, сату және кәдеге жарату қатаң бақыланды және міндетті декларацияны талап етті.

Морфиннің құрылымы

Морфин және көптеген морфин тәрізді қосылыстар мен адамның эндорфиндерінің біршама құрылымдық ұқсастықтары бар. Эндорфиндер — дененің психоэмоционалды тепе-теңдігін орнатуда маңызды рөл атқаратын гормондар тобы. «Санкт-Петербург университеті» журналының бас редакторының орынбасары Елена Заикина олардың жұмысын сипаттағандай: «Эндорфиндердің негізгі қызметі — жүйке жүйесіне арналған „қауіпсіздік жастығын“ жасау.» Алғашқы кездесу, жұмысқа кешігу немесе басқа да күрделі жағдаяттардың алдындағы мазасыздыққа ағза эндорфиндерді босату арқылы жауап береді де, стресстің жасушалар мен ұлпаларға кері әсерін азайтуға күш салады. «Қуаныш гормонының» әсерін, әсіресе, әскерлер жақсы түсінеді. Үрей мен қорқыныш бәсеңдейді, бұл қабілетті күнделікті режимде де іске асыруға болады. Мысалыға, стреспен спорттық жүктемелер арқылы күресу. Эндерфиндердің түзілуі, сонымен қатар, жағымды оқиғалармен жеделдей түседі.

Альфа-эндорфин (жоғарыда) мен бета-эндорфиннің құрылымы (төменде)

Ағзада морфинді іс-әрекеті мен сипаты бойынша табиғи эндорфиндер алмастырады. Вена арқылы ішке енгізілген морфин ұлпаларға тез сіңеді: майларда жақсы еру қабілетіне байланысты оның молекулалары май тәрізді жасуша мембранасына оңай енеді. Морфин жасуша ішінде жылдам ыдырауға түседі (шамамен \(10\) минут), бірақ бұл миға қан-ми тосқауылынан өтіп, ми мен жұлын, прифериялық жүйкелер мен асқазан-ішек жолдары нейрондарының мю-опиодты рецепторларымен байланысу үшін әбден жеткілікті. Осындай рецепторларды іске қосу кезінде оның табиғи агонисті эндорфинмен аденилатциклаза, яғни, цАМФ молекула мессенджерін тасымалдайтын фермент-машинасы ингибирленеді. Процесспен қоса, престинаптикалық нейрондағы потенциалды тәуелді каналдардың жабылуы жүреді, бұл глумат сияқты қоздырғыш нейротрасмиттердің шығарылуының төмендеуіне әкеліп соғады. Постсинаптикалық нейрондағы калий арналарын белсендіру мембрананың гиперполяризациясына әкеледі: жасуша ішіндегі калий мөлшері көлемге негативті әсер берсе, жасушадан шыққаны жасушадан тыс кеңістікті оң бағытқа бағыттайды. Нәтижесінде, глицин мысалындағыдай қоздырғыш нейтротрансмиттерге нейронның сезімталдығы азаяды.

Морфинді қолдану әсері эндорфинмен ішінара ұқсас: сана деңгейінің төмендеуімен, ерекше жылу сезімімен, ұйқышылдықпен және эйфориямен сипатталады. Дегенмен эндогендік (ағза өнімдері) опиаттарда молекуланың құрылымы қажетті рецепторлармен дәл әрекеттесуге мүмкіндік береді. Экзогендік (сырттан қабылданған) опиаттарда морфин сияқты молекула мен рецептордың сәйкестігі салыстырмалы түрде аз, ал бұл опиаттардың тиімділігі мен селективтілігін айтарлықтай әлсіретеді. Жоғары селективті эндорфиндер түріне байланысты рецепторлардың қатаң белгіленген тобына әрекет етсе, ал опиаттар бәріне бірден әсер ететінін атап өткен жөн. Сонда белгілі бір эндорфин ауырсынуды басатын және эмоционалды күйге жауап беретін мю-рецепторларының алғашқы қосалқы класын қоздырса, онда морфинді қамтитын жасанды синтезделген опиоидтар немесе опиаттар (өсімдік апиынының туындылары) жағымсыз жанамса симптомдардың себепшілері болады.

{Морфин мен эндорфиннің айырмашылығы. Дереккөзі

Есірткінің қаупі

Мақаланың осы бөлігіне дейін біз көпшілік күнделікті кездестіретін, салыстырмалы түрде қауіпсіз, байқала бермейтін наркотикалық өнімдер туралы сөз қозғадық. Олардың әрекет ету механизмімен таныса отырып, психобелсенді заттардың жасушалардың қалыпты тірлігін бұзса да, бірақ пайдалы практикалық артықшылыққа ие екендігін білдік. Ал «нағыз есірткілер» қайда қалды? Сериалдар мен фильмдерден белгілі героин, ЛСД, метамфетамин, кокаин және тағы басқа тыныш қана жан алушылар. Тіпті, мұндай «дәстүрлі түсіндірудің» өзі жәй ғана қарапайым. Әрине, барлық есірткілерді өмірге қауіпті санатқа жіктеу мүмкін емес. Олардың арасында іс жүзінде мүлдем зиянсыз, не керісінше, сөзсіз өлімге әкелетін түрлері жетерлік. \(2017\) жылы Global Drug Survey ұйымының қорытындысына сәйкес, ең көп таралған психеделиктердің қауіптілік дәрежесі галлюциногенді саңырауқұлақтардағы \(0.2%\) - дан метамфетаминде \(4.7%\) - ға дейін айтарлықтай өзгеріп тұрады, ал бұл өз кезегінде \(23\) есе көп. Мұндай қорытындылар әлемнің көптеген дамыған елдерінде кейбір есірткіні заңдастыру үшін көптеген мәлімдемелердің негізіне айналады. Сонымен қатар, фармацевтикалық нарықтың үлкен үлесі терапевтік және оңалту емдеу курстарында қолданылатын психотроптық заттармен ұсынылған. Олардың мысалдары ретінде өте танымал аддералл, викодин, ксанакс, морфин және басқалары болып табылады. Осы және ұқсас дәрі-дәрмектерсіз қазіргі медицинаны елестету қиын. Бірақ бәрі де оңай емес, барлық жерде өз кемшіліктері бар...

Кез-келген препараттың жанама әсерлері бар. Егер дәріханадағы қарапайым дәрі анафилактикалық шокты тудырса, онда наркотиктер осылардың бәрін қосып, өзімен бірге түрлі негативті салдарларды алып жүреді. Сигнал молекулаларының немесе олардың аналогтарының деңгейінің жасанды жоғарылауы, психтропты заттардың шамадан тыс әсерін теңестіру ағзаның өз есебінен молекулардың әрекетін тежеуге, мембрана рецепторларын төмендетуіне әкеледі. Сигнал молекулаларының төмендеуі, оның рецепторларының бітелуі, керісінше, тиісті «өзіндік» молекулалар мен рецепторлардың көбірек өндірілуіне тікелей себеп болады, ал осылайша зат концентрациясы қаншалықты төмен болса да, жеткілікті эффект көрінуіне еш кедергі болмайды. «Өзіндік» сигнал молекулаларының көбеюі рецептор мен ферменттер сияқты жұмыс құрылымдарының белсенді жақтары арқылы шектеулі есірткі молекулалары санына жоғары бәсекелестік тудырады. Дәл осы сәттен бастап, препаратқа үйренушілік қалыптаса бастайды және сатылап дозаның көбейіп отыруын ағза талап етеді.

Есірткіден күрт бас тарту күнделік күй гармониясының сапасын жоғалтуына немесе бұрын наркотик әсерімен өтелген «өзіндік» молекулалардың артық өндірілуімен өтеледі. Сондықтан «қалаған кезде бас тарта саламын» деп ойламаңыз: ағзаның бұған көзқарасы сыни болғаны соншалықты, кері салдарларына тап болуыңыз мүмкін. Біртіндеп бас тарту кезеңіне, шығару синдромына (тоқтату синдромы) тән процесстер: бұлшықет және бас ауруы, летаргия, ұйқышылдық жатады. Мұндай азапқа төзу көбінің қолынан келе бермейді және нәтижесінде, қайтадан наркотикке оралады. Осылай тәуелділік пайда болады.

Қалпына келудің ұзақ жолына түскен адам үшін осы мәселелер кедергі болары сөзсіз. Өнімке төзімділік кезеңі өткесін, нашақорға әдеттегі доза айналған мөлшер емделушіге тым жоғары, әрі қауіпті болып келеді. Биологиялық белсенді заттардың осыншама мөлшерін ішке енгізу көп жағдайда ми жасушаларының толық дисфункциясына немесе дене ресурстарының сарқылуына әкеліп соғады. Бұл ситуация халық арасында «шамадан тыс доза (передоза)» деп аталып кеткен.

Барлық дерлік жерде сатылымда рұқсат етілген этил спирті өмірге қауіпті есірткі заттарының рейтингінде көш бастап тұрғандығы кекесінді. Алкогольден кейін адам жанын лезде жаулайтын қорқынышты героин орналасқан. Морфиннің жақын туысы бола тұрып, героин опиоиді ауыр наркотиктер қатарына жатады. Эндорфиндермен салыстырғанда рецепторға өзіндік әрекет ету ерекшелігі төмен болғандықтан, балама әсерге жету үшін қандағы опиоидтарды қажетті концентрациясы бірнеше есе көп болуы керек. Героиннің морфинге қарағанда май мөлшері көп, сондықтан ол миға ГЭБ арқылы оңай енеді де, негізгі бақылау орталықтарына жақын жиналатын 6-моноацеетилморфин мен морфинге айналады. Наркотиктің метаболиттері мю-опиоидты рецепторлармен байланыстырудан басқа, «көтерілу» сезіміне және ГАМС жауап беретін және ОЖЖ нейромедиаторларын босаңытатын гистаминнің шығарылуын қамтамасыз етеді. Осылай героин өзінің айқын іс-әрекеттерінің арқасында опиодтар ішінен суырылып шығып, үлкен танымалдылыққа ие болды. Героиннің перифериялық жүйке жүйесінің негізгі нейротрансмиттерінің бірі норепринефриннің шығарылуының салдарынан, ағза үшін ұйқы кезіндегі тыныс алудың жиілеуі, жүрек айнуы, іш қату және есін жоғалту синдромдарын тудырады. Уақыт өте келе дене қалыптасқан жайларға бейімделеді де, көбірек норепинефрин шығара бастайды. Қаншалықты доза мөлшері болса, соншалықты нореадреналин бөлінеді. Нәтижесінде, героинге тәуелді адам үшін екі-ақ жол бар: не норепинефриннің әрекетін жою үшін дозаның мөлшерін арттырады; не сондай әсермен норепинефринге тәуелділікті басатын қайталану жағдайындағы әдеттегі дозасын қабылдайды. Нашақор үшін героиннің ең ауыр салдары жүрек жеткіліксіздігінің жоғарылауы саналады, ал оның нәтижесінде өкпе ісінуі мен тыныс алудың қиындауы дамиды. Автономды тыныс алу орталықтарының қатар жүретін депрессияның аясында, адам тыныс алу механизмін бақылайтын күйде болмаса, ес-түссіз тұншығу жағдайы болуы мүмкін.

Кез-келген есірткі заттарының қанша дегенмен адамның физикалық және психикалық денсаулығына ұзақ мерзімді қауіп төндіретінін естен шығармау қажет. Өнімнің табиғатына, қолдану әдісіне және ағзаның өзіндік ерекшеліктеріне қарай, негативті әсер психоздың күрт симптомдарынан бастап, қатерлі ісік аурының пайда болуына дейін үдеуі әбден мүмкін.

Есірткі заттарының әртүрлі түрлерінен жиынтық зиян мөлшері. Бағалау есірткіні қолданғаннан кейін шұғыл медициналық көмекке шақыру жағдайларының санына қарай негізделген. Дереккөзі: Wikimedia Commons

Қорытынды

Есірткінің айналасында надандық пен қабілетсіздік культі қалыптасты. Құбылыстың өзіне деген өте жағымсыз стереотиптік қатынас әртүрлі заттардың кейбір артықшылықтарын анықтауға мүмкіндік бермейді. Сіздің ас үй шкафыңызда психостимулятор бар деп күдіктенбеген іспеттес адам белгілі бір қарапайым заттардан қауіп күтпеуі мүмкін, бірақ кез-келген ұғымға сақтық пен жауапкершілік арқылы қарау барлығының міндеті. Танымал американдық биолог, энтомология профессоры және Индиана университетінің зоологы Альфред Кинси: «Таксономияның негізгі қағидасы — табиғатта дискретті категориялардың сирек кездесуі. Жанды табиғат — барлық аспекттердің байланысы» деп тұжырымдаған. Ауыр есірткі сияқты өте қауіпті және кейбір жағдайларда практикалық және ыңғайлы, мысалы, кофе немесе глицин сияқты психоактивті заттар арасындағы градацияның үздіксіздігін баса көрсете отырып, біз әлем қара және ақ болып бөлінбейтін кезде заттарды қабылдаудың жоғары сатысы туралы айтамыз. Бұл түсінік дәнді жарғақшадан айырып ғана қоюға көмектеспей, сонымен қатар бар пікірге қарамастан, өзінің іс-әрекеттері үшін жауапкершілік танытуға мүмкіндік береді.

«Beyond Curriculum» қоры «Пән ғажабы неде» циклы материалдарын «Караван знаний» жобасымен серіктестікте және «Шеврон» компаниясының қолдауымен жариялауда. «Караван знаний» – жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен орындалған алдыңғы қатарлы білім тәжірибелерін зерттеу мен талқылау бойынша бастама.

Аударған: Ақсындар Жұмағұлова

Редактор: Дильназ Жемісбек