WRO-2019-дағы Қазақстан командасы: Робототехникада нақты нұсқаулық жоқ

Осы жылдың \(10\) қарашасында Қазақстан өзінің Халықаралық Робототехника Олимпиадасына (WRO) қатысу тарихында алғашқы рет жоғары-шығармашылық санатта жүлделі үшінші орынды иеленді.

WRO-\(2019\) Венгриядағы Дьор қаласында өтті. Оған дейін Талдықорған қаласының командасы \(2014\) жылы орта-шығармашылық санатта үшінші орынға және \(2016\) жылы жоғары-шығармашылық санатта «Creativity Award» (креативтілік үшін) жүлдесіне ие болған. Талдықорған командасы WRO халықаралық деңгейінде орын алған Қазақстанның жалғыз тобы.

Атап өтерліктей, олимпиадаға Қазақстан құрамасы ретінде әрбірі бөлек категорияға бағытталған бірнеше команда барды. Осы жылы орынды бізбен тілдескен «Ziggurat» командасы алды. Оқушылар қалай өмір сүретінін, қалай дайындалатынын және робототехникадан олимпиадалар не үшін қажеттігін білдік.

Танысу

Артта — Николай Владимирович (жаттықтырушы). Алдында — Любовь, Элина, Даниил. Суреттерді материал кейіпкерлері ұсынған.

Қазақстан құрамасын таныстырған үш оқушы болды: Даниил Филимонов, Любовь Дудченко және Элина Пак. Олардың жетекшісі робототехника мұғалімі Авдюнин Николай Владимирович болды.

Даниил Талдықорған қаласындағы НЗМ-нің \(12\)-сыныбында оқиды, робототехникадан олимпиадаларға \(2017\) жылдан бері қатысады. Осы уақыт аралығында екі мәрте WRO (\(2018\)-\(2019\)) республикалық деңгейінің жеңімпазы атанған. Оған қоса, ол ғарыштық зерттеулер бойынша \(XV\) халықаралық жарыстардың \(I\) дәрежелі дипломының, NASA ғарыштық зерттеулер сайысының мақтау қағазының (шешуші этаптың топ-\(5\) қатысушыларының қатарында), робототехникадан бесінші және алтыншы республикалық олимпиаданың \(I\) дәрежелі дипломының, «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» \(IX\) Наурыз кездесулерінің \(II\) дәрежелі дипломының, KazRobotics облыстық кезеңінің \(I\) дәрежелі дипломының, Дарын желілік ғылыми жоба жарысындағы «Информатика» секциясында \(III\) дәрежелі дипломының иесі болып табылады.

Любовь Алматы қаласындағы НЗМ-нің \(11\) сыныбында оқиды, робототехникаға бала шағынан қызығады. Қытайдағы Ғылым мен Технология саласындағы Халықаралық Инновациялар Жарысының \(1\) орын жүлдегері, Ұлыбританиядағы VEX Robotics Competition «Judges Award» санатындағы \(1\)-ші орын және «Skills Challenge» санатындағы \(2\)-ші орын иегері, Technovation \(2018\) халықаралық мобильды қосымшалар жарысының топ-\(6\) финалистерінің қатарына енген, республикалық инновациялар конкурсында \(1\)-ші орын, Nurintech \(2017\) және \(2018\) сайыстарында \(1\)-ші орын, «HackDay \(2018\)» хакатонында \(1\) орын, KazRobotics \(2018\) республикалық кезеңінде \(1\)-ші орын, Startup Battle Almaty \(2018\) жарысында \(1\)-ші орын жүлдегері, GoViral фестивалында «pitching session» жеңімпазы және TechCup-\(2018\) \(3\)-ші орын иегері.

Элина Талдықорған қаласындағы № \(20\) СЛОД \(9\) сынып оқушысы. \(6\) сыныпта оқып жүріп WRO облыстық кезеңінде екінші орын иеленген. Кейін облыстық кезеңде (\(2017\), \(2018\), \(2019\)) бірінші орын, республикалық кезеңде (\(2017\)) төртінші орын және \(2018\)-\(2019\) жылдары бірінші орын жеңімпазы атанды. Оған қоса KazRobotics облыстық кезеңінде бірінші орын иегері.

Олимпиаданың өзі туралы

WRO-ға қалай тап болдыңдар?

Атап кетерліктей, WRO аббревиатурасы олимпиаданың облыстық кезеңінен бастап халықаралыққа дейінгі барлық кезеңдерін білдіреді.

Даниил: Бұдан қарапайым оқиға табылмайды. \(9\) сыныпта оқып жүргенімде мектебімізде мен \(7\) сыныптан бері арман етіп жүрген робототехника үйірмесі ашылды. Бірнеше ай көлемінде қарапайым роботтарды құрастырып көрген соң Николай Владимирович WRO-ға қатысуды ұсынды. Осылайша жыл сайын дайындыққа көбірек уақыт жұмсай бастадым: \(2017\) жылы облыстықта алтыннан бастап, \(2019\) жылы халықаралықта қоламен аяқтадым.

Любовь: Робототехникамен жетінші сыныптан бастап айналыстым. Сегізінші сыныптың басына таман бірнеше жобам болды. Мектепке бірінші қыркүйекте келе салысымен ескі жобамды жалғастыруды жоспарлаған болатынмын, бірақ ұстаздар WRO-ға қатысуды ұсынды. Ол кезде аз нәрсе білетінмін. Қалалық кезеңде барлық командалардың жобалары әлсіз болғандықтан республикалыққа ешкімді өткізбеу үшін \(1\)-ші және \(2\)-ші орындарды ешкімге бермеді (әлі күнге дейін осыған таңғаламын). Қысқасы, \(2016\) жылы республикаға өтпедім, \(2017\) жылы ол кезеңде \(3\)-ші орынды алдым, ал \(2019\) жылы сол орынды халықаралықта иелендімю

Элина: \(2015\) жылы қаламыздағы оқушылар сарайында робототехника үйірмесі ашылды. Бұрында Happy LEGO Education деп аталатын. Менің алғашқы ұстазым — Юлия Викторовна — бізді түрлі облыстық робототехника олимпиадаларымен қызықтыруға тырысатын, \(2016\) жылы WRO-ға қатысуды ұсынғанда келістік. \(2017\) жылы WRO-ның республикалық кезеңіне барар жолда осы салаға мен сияқты жаңадан келген Даниилмен таныстым.

Қазір орталықтың атын «NEXTROBOT» деп өзгертті, ол жерде әлі күнге дейін айналысып жүрмін. Юлия Викторовна әлі күнге дейін \(6\)-\(14\) жастағы балалармен жұмыс жасайтын робототехника мұғалімі болып табылады.

Бұл сендердің алғашқы халықаралық олимпиадаларың болды ма? Алған сезімдерің қандай?

Даниил: Бұл менің екінші ретім — \(2019\) жылы WRO финалына Тайландқа барғанмын. Олимпиаданың өзі мен үшін барынша оң сезімдер қалдырған және, ең бастысы, дағдылардың дамуына жол ашқан жалғыз шара. Ұйымдастырылуы өте нашар болса да жарыс туралы ойымды бұзбады.

Элина: Олимпиада қатты ұнады, бірақ кей жерлерде ұйымдастырылуы дау тудырды. Ал басқасы керемет өтті — бұл менің халықаралық олимпиадаға қатысқан бірінші ретім болды.

Любовь: Халықаралық сайысқа төртінші рет қатысуым болды. Оған дейін Қытай, Англия, Америкадағы халықаралықтарға қатысқанмын. Дәл WRO-ның халықаралық деңгейі мен үшін бірінші. Бұл олимпиада бәсекелестердің деңгейі мен қазылар алқасының біліктілігі бойынша ең мықты болды. WRO-да шындығымен қорқынышты болды, әсіресе, басқа командаларға көз шалғанда: олардың барлығын мінсіз көрсетуі, олардың аса күрделі механизмдерінің керемет жұмысы. Сендей іспен айналысатын, бірақ күштірек жасайтын өзге елдің мықты мамандарымен танысу қызық болды. Көп нәрселерді өзге көзқарастан тану қызық болды. Дегенмен де, өзге халықаралық жарыстарда менде басқа елдің адамдарымен сөйлесуге уақыт көбірек болса, осы жолы олимпиаданы басқалармен сөйлесуге уақыт жетпейтіндей етіп ұйымдастырды.

Олимпиададағы түскі ас.

Ал не нашар ұйымдастырылды?

Даниил: Венгрияда төрт күннен ұзақ болуға жол бермеді. Бір таңда мүлдем су болмады, душқа да, дәретханаға да бару мүмкін емес болды. Далада тұрып күтуге көп мәжбүрледі, ал сыртта суық, кейде жаңбыр жауды. Таңғы ас ішу үшін ұзын кезекте тұру керек болды.

Бұл сапар шет елге алғашқы рет аяқ басуларыңыз болды ма? Венгриядан алған әсерлеріңіз қандай?

Даниил: Жоқ, алғашқы емес. Соншама әсер ала алмадым. Ұйымдастырушылар кесірінен тек олимпиада басталуына бір күн қалғанда ғана, оның өзінде кешке келдік, ал марапаттау рәсімінен кейін бірден үйге қайттық. Қыдыруға уақыт тек кешке болды, бірақ сағат алтыдан кейін күн бататындықтан (ал бізде бос уақыт тек алтыдан кейін ғана болды) көргенім тек түнгі Дьор. Қарапайым Еуропа. Әдемі, тиянақты, сәнді ғимараттар мен көшелер. Еуропада алғашқы рет болғандықтан таңырқауыма шек болмады. Венгрияны көбірек тамашалай алмағанымыз өте өкінішті.

Любовь: Алғашқы емес, осыған дейін бес мемлекетте болғанмын. Венгрия — Еуропаның қарапайым мемлекеті. Осыған дейін екі рет Германияда болғанмын. Ол да Еуропа болса да айырмашылық бірден байқалады: Венгрия Германияға қарағанда экономикалық тұрғыдан азырақ дамыған.

Элина: Бұл менің алыс шетелге алғашқы сапарым және маған Венгрия өте ұнады. Бірақ бір минус та болды — барлығы кешкі сағат \(8\)-де жабылады, ал біз тек \(7\)-ден кейін ғана қыдыруға шықтық. Ол жерде аса тыныш және сабырлы екені қатты ұнады. Және өте әдемі.

Жоба туралы

Қазақстан құрамасының жобасы (Ziggurat атауы бұрында Даниил айналысқан ютуб-арнадан шыққан). Суреттерді материал кейіпкерлері ұсынған.

Өз жобаларың туралы айта кетсеңіздер — ол не? Оған қалай келдіңіздер? Қанша дайындалдыңыздар?

Элина: Біздің жоба — біз үміттенетін білімдегі болашақ өзгерістер. Нақтырақ, біз балаларды түрлі қызметке үйрететін және дағдыларын дамытуға мотивация беретін робот-мұғалім жасадық. Ой бастапқыда Даниилға тиесілі. Ол облыстық кезеңнің алдындағы біріккен көктемдік ми шабуылының нәтижесінде пайда болған.

Даниил: Жоба дайындығы үшін тақырыптарды жариялағанда (олар ақылды білім беру, ақылды жұмыс орны және ақылды басқару) біз тарбағыттылығына таңғалдық, себебі, бастапқыда тек ақылды қалалар туралы сөз болған. Ұзақ уақыт бойы тақырып таба алмадық. Ақырында соңғы сәтте біренеш идея ойлап тауып, әрбірінің плюстары мен минустарын талқылап, балаларға сурет салуды үйрететін, жұмыстарын тексеретін және марапаттайтын роботқа тоқталдық.

Элина: Сәуірден бастап дайындалдық. Облыстықтан кейін жобамыздың сыртқы бейнесін жаңартып, дамытуды шештік, және республикалықта роботымыздың легодан жасалған прототипі болды.

Даниил: Уақыт өте келе роботымыз әріптерді жазуды үйрете бастады, бұлыңғыр адамға ұқсас гуманоид пен бағалаулары бар веб-сайт пайда болды. Және де халықаралық кезеңге біз \(3\)Д принтер көмегімен адамға ұқсас робот басып шығардық, математика, қимылдар, брайль шрифті сабақтарын, үй жұмысы бар қосымша мен ақылды кітапхана қостық.

Роботты олимпиада кезінде жинау

Команда қалай жиналды? Қалай таныстыңыздар?

Даниил: Бастапқыда Элина екеуміз ғана бірге жұмыс жасадық. Бірақ маған тағы бір жақсы бағдарламашы керек болды, себебі өз талпыныстарымызбен уақытымыз жетпей жатты. Критерийлерге сай және өзіме жақсы таныс болған жалғыз адам Люба болып шықты, ол өзі де команда мүшесі атануға қуанышты болды. Элинамен \(2017\) жылғы республикалыққа барар жолда таныстық. Любамен \(2018\) жылдың ақпанында робототехникадан ОЖЖ-да таныс болдым, сол жерде тез достастық.

Любовь: \(2018\) жылы бізде WRO-ға дайындық бойынша жиындар болған. Сол жерде Даниилмен таныстық. Ол сол кезде робототехникамен айналысуды енді бастаған, ал менде бірнеше сәтті жобалар болған, сондықтан мен оған қарап күлетінмін. Ол WRO жеңбейді, ал мен жеңемін дейтінмін. Ақырында менің жоспарым жүзеге аспады. Ол көп жұмыс жасады және тез үйренді, \(2018\) жылы Тайландтағы халықаралыққа барды. Біз дос болдық, сөйлестік, ол мықты робототехник болғандықтан, онымен бір командада болғым келді, бірақ, шынымды айтсам, бірге жұмыс істейтінімізге соңына дейін сенбедім, себебі, бөлек қалаларда тұрамыз. Ақырында ол жаттықтырушымен тілдесті, ал ол ұлттық ұйымдастырушымен сөйлесті, солай маған олардың командасына қосылуға рұқсат берді.

Командада жұмыс қалай бөлінді? Кім не үшін жауапты болды?

Элина: Командада жұмыс жоспар бойынша бөлінді. Тақтада не істеу керектігімізді және дедлайн уақытын жаздық. Кім не қалады/ істей алды, соны тізімнен алып орындады.

Даниил: Инженерлік бөлігін әркім өз қабілетіне байланысты жасады, мен көбінесе ең қиын механизмдерді құрастыруды өз мойныма алдым. Оған қоса, мен нейрондық желілерді оқыттым және жобаға интеграцияладым (олар жалпы екеу болды: біреу оқушының жұмысын таныды, ал екіншісі бет-әлпетін).

Любовь: Біздің роботымыз модульдардан тұрғандықтан мен сайтты, мобильдік қосымшаларды, интерактивті бағдарламаларды, Брайль шрифті бойынша сабақтарды, кітапхананы жасауға жауапты болдым. Роботтың өзі де Талдықорғанда болды, ал мен Алматыда тұрамын. Бірақ, сөзге орай, кей бөліктерді мен Алматыда жасап, Талдықорғанға әкелетінмін. Жарысқа дейін ол жерде екі рет болдым.

Даниил: Дайындықтың қалыпты күні әрбірімізде әртүрлі болды. Күнделікті сабақтан кейін шеберханаға келіп, тұрақты түрде \(20\):\(00\)-ге дейін жобаны жасайтынмын, кейде жұмысты үйге алып кетіп, жексенбі күні келетінмін. Каникул кезінде таңертең келіп, кешке кететінмін. Қалыпты күйде менің жұмысым — салмақты қызмет пен түрлі пропорцияда кез келген себеп бойынша шеберханадағы күлкінің кезектесуі (бірақ қызмет, әрине, көбірек). Мектепте \(20\):\(00\)-ге дейін қалу, демалыстар мен каникулда келу тек менің таңдауым екенін және мені ешкім мәжбүрлемегенін, оны жұмысымды жақсы көргендіктен жасағанымды атап өткім келеді.

Любовь: Егер механикалық бөлігін жасасам мектепте \(20\):\(00\)-\(21\):\(00\)-ге дейін қаламын. Егер бағдарламалық жағы болса үйде түнге дейін жасаймын.

Даниил: Оған қоса әрбіріміз жобаның зерттеуін жазумен айналыстық.

Жоба зерттеуі деген не?

Даниил: Қара, жобаға зерттеу керек. Ол жерде шешім — сенің жобаң негізделген мәселені сипаттайсың. Яғни бізде ол жерде мұғалімдердің жетіспеуі, дұрыс жасалмаған plan of study және тағы да басқа туралы ақпарат болды. Оған қоса, барлық қолданған технологияларың туралы және олар қалай жұмыс істейтіні туралы жазасың. Және де жобаның әр модулі мен оның жұмысы туралы жазасың.

Жалпы робототехника туралы

Робототехникаға қалай келдіңіздер?

Даниил: Бала кезімде жиі ұлдардан бөлек отырып конструктор жинайтынмын. Құрастыруға, жасауға және ойлап табуға деген мания бала кезден бар болған. Жиі Джимми Нейтрон сияқты болғым келетін, әрдайым роботтар туралы фильмдер мен мультфильмдерді жақсы көретінмін. Бағдарламалау да кездестірген сәттен ұнады. Бала кезімде ұнатқан осы бөлек заттардың барлығы робототехникада жиналған болып шықты, сондықтан менің оған деген махаббатым Мариан шұңқырының тереңдігі мен Эверест биіктігіне теңеседі.

Любовь: Бала кезімнен роботтар жасауды армандайтынмын. Джимми Нейтрон секілді фильмдарды көріп ол сияқты болуды армандайтынмын (әлі күнге дейін армандаймын). Шындығында менде керекті жабдықталу болмады, себебі ол қымбат болды және айналамда ешкім ол туралы көп білмеді. \(5\) сыныпта менде компьютер пайда болды, мен бағдарламалаумен айналыса бастадым. Мен онымен өзім айналысқандықтан және маған ешкім не істеу, қайда оқу керектігін айтпағандықтан мен иф пен массивтарда тоқтап қалдым. Сайттар жасағым келді, html-мен жұмыс істеуге тырыстым, бірақ сол кезде қолымнан көп келмеді. Жетінші сыныпта НЗМ-не түскенде робототехникаға келдім, сол кезде барлығы басталды. Жобалар жасай бастадым, себебі осы жолы жабдықталу болды және маған робототехниканың бүкіл мәнін түсіндірген тамаша мұғалімдер болды.

Элина: \(2015\) жылы Талдықорған қаласындағы оқушылар сарайындағы робототехника бойынша бірінші сынақ сабағына бардым. Сол жерде WRO туралы робототехника мұғалімі, Юлия Викторовнадан, білдім. Жақын арада робототехника жаныма сай іс екендігін түсіндім. Маған бұл іспен айналысу ұнайды және болашағымды осымен байланыстырғым келеді.

Мектепте/қалада робототехниканың дамуы үшін қандай жағдай қажет?

Даниил:

  1. Білікті мұғалім
  2. Қандай да болсын жабдықтар: конструкторлар, микроконтроллер, құралдар, \(3\)Д принтер
  3. Шеберхана
  4. Құштарлық

Любовь: Біріншіден, құрал-жабдықтар. Робототехника – қаржылай көмексіз дами алмайтын сала, себебі қарапайым роботтың өзін жасау үшін конструкторлар, сенсорлар, қозғалтқыштар керек.

Оқушы мықты жобалар жасау үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?

Даниил: Мен үшін бұл сұраққа дағдылардың нақты тізімімен жауап беру қиын. Қателерді мойындау мен жөндей білу қабілеті, әрдайым жақсырақ жасауға құштарлық пен табандылық дей аламын.

Элина: Инженерия мен бағдарламалау дағдыларын жетілдіруге кеңес берер едім, себебі оларсыз робототехникада өте қиын болады, өз тәжірибеме сүйеніп айтамын. Оған қоса, әрине, табандылық, мақсаткерлік, қайраттылық пен өз бетімен оқу қабілеті. Робототехникада нақты нұсқаулық жоқ. Барлығын өз бетіңмен оқып, әрдайым өзіңді жетілдіру керек. Әрқашан барлығы бірінші реттен жасалмайды және бірден берілуге болмайды.

Любовь:

  • гуглмен қолдана білу
  • гуглмен қолдана білу
  • гуглмен қолдана білу

Расымен де, гуглмен шынымен де қолдана білу керек, ол жерде бәрі бар! Менде ешқашан робототехника мен бағдарламалаудан мұғалім болған емес. Барлығын гуглдан үйрендім және үйренудемін. Оған қоса өз ісіңді сүю керек, қарапайым болса да шындық. Пайда болған мәселелерді шеше білу, критикалық ойлау. Шыдамдылық, стресске қарсы тұра алу, себебі жарыстарда психологиялық қысым сөзсіз көп. Жақсы физикалық қалып. Біртүрлі, бірақ бұл шахматтағы сияқты – жобалармен ұзақ жұмыс жасағанда зейінді жоғалтпау керек. Оған қоса физикалық дайындықсыз жасау қиын және тез шаршататын заттарды жиі орындау керек.

Марапаттау салтанатынан кейінгі команда. Суреттерді материал кейіпкерлері ұсынған.

Блиц

Бос уақытта қандай іспен айналасуды ұнатасыздар?

Даниил: Тауға шығу, жартасқа өрмелеу, музыка тыңдау, жүгіру, суретке түсіру, жаңа нәрселерді үйрену.

Элина: Мен жүзуді ұнатамын.

Музыкасын соңғы кезде аса ұнатып жүрген әртісіңіз

Даниил: Біреуін ғана атау қиын болады, себебі мен музыкасыз сағат бойы да жүре алмаймын, бесеу жазайын. Lana Del Ray, Noize MC, Oxxxymiron, ДДТ, Гражданская Оборона.

Элина: Соңғы кездері Корж бен Hollywood Undead тыңдап жүрмін.

Әннің сөздерінен алынған аса сүйікті жолдар

Даниил: «Не будь дураком! Будь тем, чем другие не были» Noize MC – В темноте (Brodsky version).

Жаныңызда ерекше орын алатын фильм

Даниил: «Крестный Отец \(2\)».

Элина: «Мёд в голове» мен «Чудо», бұл фильмдер маған ерекше әсер етті.

Любовь: «Джокер» (сюжеті есімде қалған жалғыз фильм).

Таң әлде кеш?

Даниил: Кеш.

Элина: Түн. Мен үкімін, барлығын түнде істегенді жақсы көремін.

Любовь: Кеш.

Сіз білетін, бірақ басқалардың көбі ойламайтын нәрсе бар ма?

Даниил: Өнімді жұмыс жасау үшін жақсы демалу керек.

Элина: Мен адамдарға ренжи алмаймын.

Николай Владимирович - Ziggurat командасының жаттықтырушысы. Фото - Юрий Гладченко.

Жаттықтырушы көзқарасы

Сіздің ойыңызша, осындай жарыстардағы жоғары нәтиже нақты мемлекет туралы не айтады?

Жаттықтырушы ретінде бұл олимпиадаға бес жылдық қатысу тәжірибеме сүйене отырып, жыл сайын кей мемлекеттер қорытынды сынақта тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетеді дей аламын. Менің ойымша, бұл олимпиадада жоғары және төмен нәтиже көрсеткен мемлекеттер арасындағы білім беру сапасындағы айырмашылық емес (яғни төмен нәтиже көрсеткен нәтижеде білім беру сапасы төмен деген емес), жоғары нәтиже көрсеткен мемлкеттерде команда дайындығына қаншалықты жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.

Бұл білім беру мекемесінің қаржылай қамтамасыз етілуіне, педагогикалық құрамына және әкімшіліктің команданы дайындауға жауапкершілікпен қарауына байланысты. Мынандай тезистерді қарастырайық: материалдық база маңызды рөл ойнайды, егер шеберхана, құралдар, шығын материалдары болса, жоба жасауға болады, ал олар болмаса, ештеңе жасай алмайсың. Білім беру мекемесінде оқушыға қажетті дағдыларды үйрете алатын білікті мұғалімнің болуы маңызды (кадрлар барлығын шешеді). Және де әкімшілік дайындық пен жұмыс үшін жағдай жасауы керек: ОЖЖ (Оқу Жаттығу Жиындары) ұйымдастырып, қаржылай демеу табуы керек, т.б. Бұл факторлар оқушылардың жақсы дамыған дағдыларына әкелуі қажет.

Тәжірибеңіз бойынша мектепте робототехникамен айналысатын балалардың өмірлері қалай жалғасады?

Робототехникадан командалар дайындау бойынша тәжірибемнің негізінде робототехникамен айналысқан оқушылардың көбі шетел университеттеріне инженерия мен ақпараттық технологияларға байланысты мамандықтарға түседі деп айта аламын. Яғни, робототехникамен айналыса жүріп, жақындаған пәндерге қатысты мамандықтар.

Қазақстанда робототехникамен айналысу үшін қандай жағдай жасалған?

Біздің елде техникалық жабдықталу деңгейі әртүрлі білім беру мекемелері бар, робототехникамен айналысу үшін барлық керектімен толықтай жабдықталған мекемелер бар, бұл техноториялар да, станоктар мен құралдардың болуы да, кәсіби педагогикалық құрамның болуы да. Бірақ, өкінішке орай, мемлекеттегі мектептердің толық санына қарағанда ондай мектептер аз. Көбінде барлық оқушыларды робототехника мен инженерия әлемімен таныстыру үшін жеткілікті жағдай жасалмаған.

Алайда бұл мәселе біртіндеп шешіліп келе жатқанын айта кету жөн, мектептер жабдықталуда, елдің барлық мектептерінен информатика мұғалімдері информатика мен ақпараттық технологиялар бойынша біліктілікті арттыру курстарын уақытылы өтеді. Сондықтан жағдай жыл сайын жақсаруда. Кез келген адам бара алатын робототехникадан жеке мектептердің көбінің дамуын да айта кету жөн.


Қазақстандағы робототехниканы дамыту үшін қандай жоспарларыңыз бар?

Мен ары қарай робототехникадан командаларды жаттықтыруды, барынша көбірек іс-шараларға қатысуды жоспарлаймын. Оған қоса, өзімнің инженерия мен тиімді механизмдер жасау бойынша оқушыларды дайындау бағдарламасын жасап шығарып, іске қосу. Бұл бағдарлама барлық оқушыларға өз беттерімен роботтар құрастыруға көмектеседі.

Біз Қазақстандағы робототехника қозғалысының кейбір көсбасшыларымен де сөйлестік және еліміздегі робототехниканың болашағын қалай көретінін білдік. Мысалы, ЧУ ЦИТ NIS жобалар дамыту қызметінің басқарушысы Азамат Жумахмет былай деді:

Біз білімдік робототехниканың келесі даму векторын таңдадық – ЖИ қолданысымен жобалық жұмыс, арнайы тапсырмаларды орындау үшін автономды роботтарды жасау.

Өз кезегінде АОО «Назарбаев Зияткрелік мектептері» ақпараттық технологиялар орталығының директорының орынбасары, WRO ұлттық ұйымдастырушысы Азамат Биданов Қазақстандағы робототехника болашағын сипаттай отырып келесіні айтты:

Мынадай жаңа бағыттарды дамыту жоспарлануда: манипулятор роботтар, машиндық оқыту қолданылатын робототехника.
Манипулятор роботтардың қолданбалы маңызы бар, яғни робот манипулятолардың жұмыс принциптерін білетін  балалар зауыттарда қолданылатын өндірістік аналогтарды оңай түсіне алады.
WRO-\(2019\) жарыстары көрсеткендей, көп жобалар машиналық оқыту, компьютерлік оқытуды қолданады және бұл технологияларды қолданатын жобалар жүлделі орындар алады.

Бұны неге айтамыз? Біріншіден, бұл мемлекетімізде осы салаға жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Бұл жай ғана ойыншық емес. Екіншіден, қозғалыс көшбасшылары қоятын жоғары бар сіздерді жобаларыңызды жақсырақ және күрделірек етуге итермелеуі керек.

Аударған: Бактиярова Амина

Редактор: Дильназ Жемісбек