Баяу іске қосылатын бомба
Адамзатқа не қауіп төндіреді?
Антибиотикорезистенттілік — бактерияның бір немесе бірнеше антибиотик түрлеріне төзімділігі арту үрдісі. Жалпақ тілмен айтқанда, бактерияларға бізге мәлім антибиотиктің әсері бәсеңдей бастаса, жаңа антибиотик түрін іздеуге тура келеді. Қазіргі таңдағы мәселе — ұзақ уақыт көлемінде бактерияға төтеп бере алатын антибиотиктің ойлап табылмауы. Көп уақытқа дейін Ванкомицин бактерияларға қарсы қолдануға болатын антиобитик ретінде танылды, алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмай, aталмыш антибиотикке төзімді Staphylococcus aureus бактериясы табылды. Демек, адамзат пен бактерия бітпейтін майдан алаңында. Өкінішке орай, бізге жеңілісітің ауылы алыс емес.
Вирус бактерияға көмектесе ме?
Қазіргі күн тәртібіндегі мәселе COVID-\(19\) коронавирустық инфекциясы екені сөзсіз. Онда неліктен біз антибиотиктерге резизтенттілік туралы сөз қозғап жатырмыз? Бұған бірнеше себептер бар.
Біріншіден, антибоитиктердің сатылымы шектелмейтін қоғамда дүрлігу белең алып, дәріханадағы бар дәріні жаппай қолдану басталады. Екіншіден, короновирус пневмониясы вирустық-бактериалды түріне ұласуы әбден мүмкін, сол себепті пациенттер антибиотиктерді ем ретінде қабылдайды. Бұл екі фактор да антибитотектердің жаппай қолдануына әкелетіні айдан анық. Cоның салдарынан, бактерияларға өте ауқымды эволюциялық қысым түсіріледі.
Ең өкініштісі – көз алдымызда орын алып жатқан бұл жағдайды тоқтату неғайбіл. Болашақта белең алар бәленің алдын алмасаң, әлем үшін айтарлықтай үлкен зардаптарға әкеледі. Бірақ, өз қолымыздан келер бір шара — зардаптардың әсерін барынша азайтуға талпыну.
Біз бұған дейін вирустық инфекциялар кезінде антибиотик қолданудың проблемасы мен шарасыздығын айтқан болатынбыз
Қалайша бактерия өз басын өлімнен алып қашады?
Александр Флеминг \(1928\) жылы пенициллин таппастан бұрын да антибиотикорезистенттілік табиғатта кездескен. Мұның айқын дәлелі — пермафростта \(30000\) жыл бұрынғы бактериалдарда қазіргі антибиотиктерге төзімділікке жауап беретін гендердің табылуы. Бүгінгі күнде адамзат бұл табиғи үрдісті жеделдетуде: антибактериалды препараттардың жаппай қолданылуы бактериаларды қорғануға итермелейді. Олар мұны әртүрлі жасайды: антибиотикті деактивтендіретін ферменттер түзеді; антибиотиктердің ішіне енбеуі үшін өз жасуша қабығының өткізгіштік деңгейін төмендетеді; сорғылардың көмегімен антибиотикті сыртқа шығарады; немесе антибактериалды агенттер бағытталған элементтерді күшейтеді.
Бактериядағы бірнеше нысананы көздейтін антибиотиктер де бар. Әрине, бактерияларға мұндай препараттарға қарсы төзімділікті қалыптастыру әлдеқайда қиынырақ болады, дегенмен олар қазіргі күннің өзіңде де бұл міндетті сәтті атқаруда .
Ал бактериялар резистенттілікті қалай қалыптастырады?
Ең әуелі бұл — жай, әрі кездейсоқ мутациялар. Шапшаңдатылған режимдегі ең қарапайым эволюция. Айта кетерлік жайт, бактериялар \(20\) минут ішінде екі есе өсуі мүмкін (қаныққан ортада). Ал адамның көбеюі үшін қажет \(20\) жылмен салыстырып көріңіз! Олар тез көбейіп қана қоймай, бір жылда бактериялар шамамен \(26000\) жыл «өмір сүреді»!
Екіншіден, бактериялар тұқым қуалаушылық жолымен ата-анасынан да, конъюгация арқылы басқа туысынан да резистенттілік генін конъюгативті плазмидалар арқылы көлденең ген беру арқылы алады.
Жау қаншалықты қауіпті?
Пенициллинді алғаш ойлап тапқан А. Флеминг \(1945\) жылы Нобель сыйлығында сөйлеген сөзінде антибиотиктерді пайдалану қаупі туралы адамзатқа ескерткеніне қарамастан, әлемдік қоғамдастық бұл мәселеге 70 жылдан кейін ғана назар аударды. ДДСҰ \(2014\) жылы антибиотикке төзімділік деңгейі туралы зерттеу нәтижелерін жариялап, дабыл қақты. Мысалы, Klebsiella pneumoniae бактерия штамы (пневмония үшін айыпты ) «соңғы үміт» антибиотигі Карбапенемске төзімді екендігі анықталды. Оның үстіне бұл штамм әлемнің төрт бұрышында да кездеседі. Бұл жағдайдың қаупін Ұлыбритания үкіметінің тапсырысы бойынша жүргізілген Review on Antimicrobial Resistance зерттеу нәтижелері бойынша, жыл сайын \(700\) мың адам дәрілерге төзімді бактериялардан өледі. Егер ешқандай шара қолданылмаса, бұл көрсеткіш \(2050\) жылға қарай \(10\) миллионға дейін өседі. Ал, бұл жыл сайынғы қант диабеті мен қатерлі ісіктен қайтыс болғандар санынан көп.
Мұндай апат адамзатқа дүниежүзілік ЖІӨ-нің \(3\) пайызына шығын келтіреді, ал жиынтық шығындар шамамен \(100\) триллион долларды құрайды, өйткені бактериялардың антибиотиктерге төзімді штамдарын жұқтырған науқастарды емдеу әлдеқайда қиын және ұзаққа созылады.
Неліктен бәрі үнсіз?
Шынында да, сандар өте қорқынышты, зерттеушілер неге барлық күштерін антибиотик ойлап табуға жұмсамайды? Неге елдер дабыл қағып жатқан жоқ?
Ең алдымен, екінші сұраққа жауап берелік: іс жүзінде ДДСҰ-ның \(2014\) жылғы есебінен бастау алған шаралардың көптігіне байланысты аталмыш мәселе туралы үгіт-насихаттау жұмыстары біртеңдеп жақсарып келеді. Микробқа қарсы резистенттілік жөніндегі ғаламдық іс-қимыл жоспары және бүкіләлемдік антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттау апталығы қоғамның антибиотектер туралы дұрыс көзқарасын қалыптастырып келеді.
Мәселенің қаржылық жағы сәл күрделі. Шындығында, антибиотиктерді көбінесе жеке компаниялар жасайды, ал жақында ол табыс табу тұрғысынан пайдасыз болып қалды. Антибиотикті жасау және оны сынау үшін он жылға дейін уақыт кетуі мүмкін, ал бактерияларда төзімділік кейде препаратты қолдану басталғаннан бір жыл өткенде пайда болады. Сондықтан, қазір бар үмітіміз АҚШ-та: Америка, мысалы, осы проблеманы шешуге федералды қаржыландыруды\(2016\) жылы екі есеге көбейтіп, \(1.2\) млрд-ты құрады.
Қандай да бір үміт бар ма?
Бағымызға орай, ия! Жақында MIT зерттеушілері жасанды интеллект арқылы көптеген бактерияларға қарсы күресуде тиімді жаңа антибиотик таптық деп мәлімдеді. Антибиотиктерді потенциалдау – бұл препараттың әсерін күшейту үшін қосымша қосылыстарды қолдануды көздейтін көп үміт күттіретін әдіс. Бактериофагтарды қолдану – бұл зерттеушілер адамдар үшін әмбебап және толықтай қауіпсіз етуге тырысатын бактериялармен күресудің тағы бір перспективті әдісі.
Бірақ мәселені шешудің негізгі жауапкершілігі ғалымдарда емес екенін түсінуіміз керек. Бұл әрқайсымызға байланысты. Ең бастысы, антибиотиктерді жауапкершілікпен қабылдау, олардың көмегіне өте қиын жағдайларда ғана жүгіну және дәрігерлер тағайындаған курсты толығымен аяқтау қажет.
Аударған: Есбергенова Әнел